Текст
12 ақпан «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша Жолымбет №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекесі
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндіктің қорытынды іс-шарасы ретінде өзін-өзі тану пәнінің авторы «Бөбек» қорының негізін қалаушы, мейірім мен ізгіліктің символы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 12 ақпан туған күніне орай «Жүрекке жол тапқан-мейірімді ана» атты 2-11 сыныптар арасында ашық жалпы республикалық сабақтар өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Сара Алпысқызының өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, жас ұрпақтың тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлесі жайлы кеңінен түсінік беру.