Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері ұлттық валютасы бар. Оқушыларға қазіргі нарықтық экономикалық дағдарыс жағдайындағы іс-әрекеттермен, экономикалық терминдерін таныстыру, ақшаның пайда болу тарихынан, ұлттық валютаның айналымға кіруі туралы мағлұмат беру.
Валюта құндылығымен мүмкіндігін жетік түсіне білуге дағдыландыру.Үнемділікке, барды қадірлеуге баулу, барысында «Теңге. Монета және қағаз ақша» тақырынбындағы ашық сабақты бастауыш сыныптың мұғалімі Тохай Бақытбек өткізді. Тохай Бақытбек сабақ барысында оқушыларға құнды ақпараттарды оқытудың жан-жақты технологиясын пайдалана отырып жеткізе білді. Оқушылардан ұлттық валюта «теңгеміздің» тарихымен өзгерістері жайлы нақты ақпаратты аса қызығушылықпен қабылдап, белсене қатысып отырғаны байқалады.