Текст
Дұрыс тамақтана білу денсаулықтың басты шарты. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады. Адам пайдаланатын тағам әр түрлі әрі куаты мол нәрлі болуы қажет. Тағамның құрамында өсімдіктекті де, жануартекті де азық-түлік өнімдері болуы шарт.
Бүгін бастауыш мұғалімі Абитаева Риза Досымбековна « Қалай дұрыс тамақтану керек» тақырыбында 1 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында оқушылар азық –түліктің пайдасы мен олардан қандай тағамдар алынатыны ,дұрыс тамақтану ережелерімен танысты