Текст
Информатика пәнінің мұғалімі Камзенев А.Ж. 6 «А» сыныбына “Презентациядағы дыбыс” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін «Менің көңіл-күйім» жаттығуынан бастады. «Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі бойынша білім алушылар презентацияға дыбыс файлдарын кірістіру және дауыс жазу тапсырмаларын орындап, сұрақтарға жауап берді. Жасаған презентацияларын интерактивтік тақтаға көрсетіп сыныптастарыңның алдында қорғады. Білім алушылар жұмысына дер кезінде кері байланыс берілді.