Текст
Бүгін 7 «А» сыныбында әдебиет пәні бойынша ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысының» көркемдік ерекшелігі. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: 7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, рито-қ сұрақ) қолданысын талдау; Барлық оқушылар: Айтыс өлеңдерден көркемдегіш құралдарды анықтап, қолданысына қарай талдап, «Попс» формуласы арқылы өз көзқарасын білдірді. Сабақта қолданылған әдістер: «Сиқырлы таяқ» «Пицца», «Сөздер банкісі», «Попс» формуласы, «Шоллер табақшалары». Өткізген: Канафина Жанерке Сейденқызы