Шортанды аудандық білім басқармасына қарасты Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінде дебат жетекшісі Канафина Жанерке Сейденқызының ұйымдастыруымен "Қызыл кітап-тірі жан тимесін деп, хайуанатқа берілген қызыл құжат" тақырыбымен мектепішілік пікірсайыс турнирі өткізілді. Пікірсайысқа директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Амет Естай арнайы қатысып, оқушылардың пікірсайыстағы орамды ойлары мен пайымды пікірлерін тыңдады. Америкалық парламенттік формат (АПФ)-бұл парламенттік тұрпаттағы дəйектердің, тапқырлықтың жəне риторикалық қасиеттердің сайысы. Əрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда-Үкімет пен Оппозиция қаралуға ұсынылған қарарды талқылады. Екі раундқа екі қарар таңдап алынды. Пікірталас қоғамды дамытады, өркениетке қол жеткізеді. Пікірталас бар жерде демократия да өрістейді. Бүгінгі күні оқушыларға қоғамдық-əлеуметтік маңызды мəселелерді жете жəне жемісті талдай алу қабілеті қажет. Олар өз ойларын түсіндіре, дəлелдей алу керек, қарсы жақтың пікірін жоққа шығарып, өз пікірінің дұрыстығына көз жеткізуі қажет. Пікірсайысшылар əлеуметтік мəселелерді шешеді, қоғамның дамуына жол бермей отырған кедергілермен күреседі. Пікірсайыс арқылы ғылыми мəселелерді талдау жасау, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, жоба құру жəне болжам жасау сияқты шығармашылық іздену мен ғылыми зерттеу жұмыстарының əдістемесін меңгерген жеке тұлғаны, əр оқушы жинақтаған материалдарын тереңдете оқыту арқылы алған білімдерін кеңейтіп, ойлауын сараптама жасай білуін, өз ойын толық жеткізе білуімен қатар, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.