Бүгін Шортанды аудандық білім басқармасына қарасты Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Дара жол» дебат клубы мүшелері арасында жолдастық кездесу өткізілді. Жолдастық кездесу барысында «Тарихи тұлғаларды дәріптеп жүрміз бе?» деген қарар бойынша оқушылар сайысқа түсті. Жолдастық кездесу Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалуымен басталды. Қазақстан Республикасының өткені мен бүгінін айқындайтын бейнетүсірілім көрсетілді. Оқушылар қарар бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Білім алушылардың бойында құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлау, даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін қалыптастыру мақсатында алдағы аптада қаралатын қарар оқушылар арасында талқыланды. Жас жеткіншектердің мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, зерделеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамыту мақсатында жүргізілетін жұмыстар өз жалғасын таппақ.