Текст
"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентінің №2жалпы білім беретін мектебі" КММ Мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап-30 минут.