«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЖОЛЫМБЕТ КЕНТІНІҢ   №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ПОСЕЛКА ЖОЛЫМБЕТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет

05.02.2025

Мемлекеттік қызмет - бұл көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.”Ақмола  облысы білім басқармасының Шортанды ауданы  бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау.
- Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына барып білім ала алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау.
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау.
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету.
- Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттар қабылдау.
- Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында 1 қабатта фойеде EGOV бұрышы орнатылды, мемлекеттік қызметтер туралы ақпараты бар стенд және баннерлер орналастырылды. Дәл осындай ақпарат мектептің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған. 
2024 жылы біздің мектеп 86 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Просмотров: 146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Komek insta

Текст