Текст
Құттықтаймыз!
Бастауыш сынып мұғалімі Икарқызы Қымбат 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, білім саласындағы жоғары кәсіби еңбегі мен шәкірт тәрбиесіне қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды!
Бұл марапат Шортанды ауданының білім бөлімінің міндетін атқарушы Г. Бейсембаева және Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Т. Хаверконың атынан табысталды.
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағына салынған ең асыл инвестиция. Қымбат Икарқызының білім беру жолындағы қажырлы еңбегі әрдайым бағаланып, жаңа жетістіктерге жетелей берсін!
Ұстазымызға зор денсаулық, отбасы амандығы мен еңбегіне табыс тілейміз!