Текст
Құттықтаймыз!
Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі табыстары, кәсіби шеберлігі үшін Серікбаева Рысты Картаевна Ақмола облысының білім басқармасының басшысы А. Балташева атынан “Құрмет грамотасымен” марапатталды!
Бұл марапат – қажырлы еңбегінің, жауапкершілігінің және жоғары кәсіби біліктілігінің айқын дәлелі. Алдағы уақытта да еңбегі еленіп, шығармашылық табысқа жете беруіне тілектеспіз!
Еңбегіңіз жемісті, абыройыңыз асқақ болсын!