Текст
18 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ!
Қазақтың ұлттық киімі – ғасырлар бойы сақталған мәдени мұра, халықтың рухани болмысының айнасы. Ою-өрнекпен безендірілген камзол, асыл тастармен көмкерілген сәукеле, шебер қолдың ізін сақтаған шапан – әрбірі халқымыздың тарихы мен салт-дәстүрін дәріптейді.
Бүгін – ұлттық киімнің қадірін арттырып, оны дәріптейтін күн! Өз болмысыңды, тегіңді мақтан ет, ұлттық құндылықтарды сақтап, насихатта!
Өзіміздің төл мәдениетімізді жаңғыртып, дәстүрімізді дәріптейік!