Текст
Мектебімізде 21 сәуір күні 10 -11 сыныптарға дефектология мамандығы жайлы ақпарат беру, жастарды аталмыш мамандыққа тарту мақсатында арнайы бағдар беру жұмысы жүргізілді. Дефектология мамандығының бүгінгі қоғамдағы қажеттілігі, маңызы жайлы түсіндіріліп, осы мамандық бойынша білім беретін оқу орындары туралы нақты мәліметтер жастарға жеткізілді.