05.01.2026
«Жаратылыстану – ғажайыптар сыры» атты онкүндіктің жабылу шарасы*
Мектебімізде өткен «Жаратылыстану – ғажайыптар сыры» атты пәндік онкүндік өз мәресіне жетті. Онкүндік аясында оқушылар биология, химия, география пәндерінен түрлі қызықты тәжірибелер, зияткерлік ойындар, шығармашылық көрмелер, ғылыми жобалар мен макеттер қорғау сынды мазмұнды іс-шараларға белсене қатысты.
Шара барысында оқушылардың ғылымға деген қызығушылығы артып, өздерінің ізденімпаздық қабілеттерін көрсете білді. Әр пәннің ерекшелігін ашатын жұмыстар, көріністер мен ойындар арқылы табиғаттың тылсым сырлары таныстырылды.
Онкүндік соңында белсенділік танытқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, ұжымға алғыс айтылды.
Бұл онкүндік жас ұрпақтың ғылымға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен үлес қосты.