ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАР
НАЗАРЫНА!
Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1.Кешкі сағат 22.00-ден кейін ата-ананың рұқсатынсыз көшеде жалғыз жүрмеу.
2. Қоғамдық орындарда спирттік ішімдік, шылым шегуден және балағат сөздер айтудан аулақ болу.
3. Ашық және үзіліп жатқан тоқ электр жүйесіне жақындамау.
4. Себепсіз телефон шалмау керектігін ескерту.
5. Бейтаныс адамдарға телефон арқылы мәлімет бермеу.
6. Күдікті пакеттерді, хатты ашпау, олар туралы ересек адамдарға айту.
7. Жарылғыш заттарды ұстаудан, пайдаланудан аулақ болу
(Жаңа жыл кешінде қолданылатын отшашу құралдары, т.б.).
8. Бейтаныс адамдарға жақындамау, не деп айтса да олармен сөйлеспеу.
9. Өздері көлдің жағасына ересектерсіз бармау.
10. Қираған үйлердің, ғимараттардың қасына жоламау .
11. Қазылған, ашық жатқан шұңқыр жерлерге бармау.
12. Бөгде адамдардың үгіт-насихаттарынан бойын аулақ ұстау.
13. Қыс мезгілінде жолда жүру ережелері мен төмендегідей мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау және ауа райының қолайсыз (боран, аяз) күндерінде кездесетін жағдайларды назарда ұстау.