Химия пәні заттарды, олардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып түрленуін қарастырады.
Химия пәні химия ғылымынан бастау алады, оның жетістіктеріне сүйенеді және осы жетістіктері химия пәнінің мазмұнын құрайды. Химия ғылым ретінде ХІХ-ХХ ғасырларда қалыптасып, өзінің басты ұғымдарын ұсынып, заңдарын ашты. Химиялық ұғымдар мен заңдар химия ғылымының, химия пәнінің теориялық негізі болып саналады.
2.Химия пәнінің басты міндеттері
Химияның басты міндеттерінің бірі- заттардың қасиеттерін зерттеу мен қоса, оларды адам игілігіне жұмсау, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндіктерін анықтау. Әрбір затты пайдаға жарату үшін, оның қасиетін жан-жақты зерттеу қажет. Мысалы, таза магний оңай тұтанып, жарық шығарады. Осы қасиетіне орай оны фотосуретке түсіргенде жарқыл шығару үшін қолданған.
Бүгін 03.09.2021 күні 7 сынып оқушылары химия пәнінен алғашқы сабақтары өтті. Сабақтың тақырыбы: Химия пәні.№1 практикалық жұмыс
«Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу»
Сабақтың мақсаты:7.1.1.1 -химия ғылымының нені оқытатынын білу 7.1.1.2 -химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну.