Текст
Бүгін 6-сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мубарак Қалаған сыныптан тыс сабақ өткізді.
Тақырыбы: Тілім- менің асыл қазынам
Мақсаты: Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, тіл туралы заңның қабылдануы туралы ақпарат бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге тәрбиелеу.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеніннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміздің болашағы жарқын болуына әрқайсымыз үлесімізді қосуға міндеттіміз!