Текст
Бүгін 30 қыркүйекте 5 сыныпта Қазақстан тарихы пәнінің сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: "Алғашқы адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер". Мақсаты: Ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау. Еңбек құралдары мен қару түрлерімен танысу. Оқушылар карта бойынша ежелгі адамдардың тұрақтарын анықтап, олардың шаруашылық өміріндегі өзгерістерін, еңбек құралдарының жетілдірілуін сипаттады.