«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЖОЛЫМБЕТ КЕНТІНІҢ   №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ПОСЕЛКА ЖОЛЫМБЕТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Электр желісінен сақтанайық!

27.10.2021

Бүгін 3 « А» сынып оқушылар арасында Бергенбай Майгүлдің жетекшілігімен « Электр желісінен сақтанайық!»  атты сынып сағаты өтті. Үй жағдайында: токшәугім, үтік пен жұмыс істегенде қолың су болса айыршықты ұстау өміріңе қауіпті екенін ұмытпа! Бұзылып, істен шыққан тұрмыстық техникаларды өздігіңнен жөндеу орны толмас өкінішке әкелерін әрқашан есіңде ұста! Розетка ұңғысына ток өткізгіш заттарды тығуға қатаң тиым салынатынын ішңнен бірнеше рет қайталап айтып жүр. ЕСІҢДЕ БОЛСЫН! Кез келген үзіліп қалған электр сымынан адам өміріне қауіп төнеді. Оларды қолыңмен ұстау былай тұрсын, 5-8 метр қашықтықтан айналып өт, себебі тіпті сымның өзін ұстамай-ақ жақындасаң да, ток соғуы әбден мүмкін. Үзіліп түскен немесе салбырап тұрған электр сымдарын көріп қалсаңдар, бұл туралы бірден ересек адамдарды хабардар етіңдер. Әсіресе ток тартатын құрылғылар ТҚ ток тартатын орындар ТО трансформаторлы қосалқы станцияларға жақындау, кіру, қозғау өміріңе өте қауіпті, әдетте олардың бәрінеде тиісті ескерту белгілері, ескерту парақтары ілінеді, әрқайсысының өз белгілері бар. Төменгі вольттан жарақат алу көбінесе өндіріс орындарында жиі кездеседі, кернеуі 42-38 аралығындағы ток тұрмыстық ток деп аталады. Оған түсіп қалсаңыз тұншығып өлуге әкеліп соқтырады, жүрегіңіз тоқтап қалуы мүмкін. Токтан жарақат алудың ауыр жеңілдігі ток күші мен оның ұзақтығына байланысты.

Просмотров: 129


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Komek insta

Текст