29 желтоқсан күні «BILIM-ÓRKENIETI» ҰИҒЗО ұйымдастыруымен ҚР Министрлік үйінде
«ҮЗДІК ПЕДАГОГ: БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ,ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР»РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтті.Сол конференцияға тарих және география пән мұғалімі Шайзан Алия ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат " атты бағдарламалық мақаласын педагогтар мен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "Мәртебелі ұстаз-2021" атты республикалық байқауға қатысып І дәрежелі Диплом, "ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл" төсбелгісімен марапатталып, куәлік табыс етілді. Марапатты табыстаған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Еуразиялық зерттеулер кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы М.А. Алпысбес.Сонымен қатар «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу
орталығы мектеп директорына “Алғыс хат” табыс етті.