Текст
28 наурыз күні ауданымызда "Балалар жылына" арналған Шортанды ауданы әкімінің кубогы атты Киокушинкай-кан карэтеден жарыс өтті. Жарысқа Астана қаласы, Ақкөл ауданы, Қаражар (Елинка), Жібекжолы, Бозайғыр, Төңкеріс, Жолымбет, Шортандыдан командалар қатысты. Сайыста 150 жас өз бақтарын сынап, мықтыларды анықтады. Сайыста біздіңде жас спортшылар жүлделі орындарға ие болды. Жеңіс құтты болсын!