Текст
21 сәуір Шортанды ауданы бойынша 2-7сынып оқушылары арасында Республикалық ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңі өтті. Оқушыларды ғылыми ізденіске, өзіндік зерттеу жұмысына ынталандыра отырып, дарынды оқушыларды іріктеп, білім танымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған байқауға мектебіміздің 6- сынып оқушысы Жұмағұл Ділназ қатысып, ағылшын тілі пәні бойынша дайындаған ғылыми жобасын қорғады. Жобасы 1-орын иеленіп облыстық кезеңге өтті. Жеткешісі: ағылшын тілі пәні мұғалімі Кенжебай Күлшаш. Құттықтаймыз!