Трансформатор дегеніміз не? Ол қаншалықты адам өміріне қауіпті? сұрағы аясында 9 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Шошах Лида ақпараттық сілтеме жасады. Қазіргі кезде адам өмірін электр қуатынсыз елестету қиын, ал оның қауіпсіздігін сақтамау онан да қиын жағдайға әкеліп соқтырары сөзсіз, сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтай білу өзіңнің өміріңді сақтандырумен барабар. Соңғы кездері балалардың үзілген электр сымдарына ұрынып қалуы жиі байқалады. Дерек көздеріне жүгінсек, электр тогынан жарақат алушылардың саны жыл сайын арта түсуде, яғни жарақаттанушылардың үштен екі бөлігі осы топқа жатады. Балалардың электр тогымен жарақаттануының алдын алу үшін төмендегі ережелерді білулерің керек: #электр сымдары өтетін үй-жайлардың шатырына шығуға болмайды; #электр сымдары тартылған бағаналарға шығуға болмайды; #электр сымдары тартылған бағаналардың астында отыруға, дем алуға, аялдауға болмайды; #көшеде жанып тұрған электр шамдарын қиратуға және тіректердегі ажыратқыштарды сындыруға болмайды; #электр сымдарына бір нәрсені іліп қоюға, лақтыруға болмайды;