Текст
Бүкіл әлемде 1- маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтеді. Халықаралық мейрамдардың біріне саналатын бұл күнді мектебіміз арнайы атап өтті. Мерекелік концерт ұйымдастырылып, мектеп директоры А. Молдобаева бүлдіршіндерді құттықтап, киокушинкай - каратэден үздіктерді марапаттады. Мереке әсем ән, өлең, бимен жалғасты. Концерт соңында жеке кәсіпкер, Жолымбет кентінің кәсіпкерлер бірлестігінің төрайымы Ғ. Муканованың демеушілігімен жасалған балмұздақтар таратылды. Мерекке баршаңызға құтты болсын!
#1маусымхалықаралықбалаларкүні
#балаларжылы2022