Текст
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі — Астана қаласында Тәуелсіздік алаңында орналасқан 2014 жылы 2 шілдеде ашылған мұражай. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды дүниелер Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің баға жетпес қорын құрайды. Мұражай «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды.Осы мұражайға "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі" 8 «А» оқушылары Республика күніне орай саяхат жасап келді