Ата- аналардың жалпы мектепішілік жиналысы - әрбір отбасы үшін маңызды шара. Сондықтан, бұл шараға мән берген абзал. Бұл күні барлық ата-аналар жаппай мектепке келіп балаларының сынып жетекшілерімен мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болады. Бұл мектеп үшін де маңызды. Ата-аналармен байланысты арттыру, бала тәрбиесіндегі, біліміндегі мәселелерді ортақтаса шешудің таптырмас жолы. 2 қараша күні мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде:
І Ата-аналарға арналған кеңестер А. Молдабаева ІІ Бірінші тоқсанды қорытындылау Б. Мустахова. ІІІ ҰБТ, ОЖБС дайындық жұмыстары А. Шайзан ІҮ Дарын онлайн платформасын қолданудың нұсқаулығымен танысу. Дарын орталығының өкілі Ербол Сапарұлы ЗУМ платформасы арқылы.
V Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды