Текст
Бүгін 16 қарашы күні, мектебіміздің 6-11 сынып оқушыларына Шортанды АПБ ЖҚПБ кәмілеттік жасқа толмағандар ісі бойынша аға инспектор, полиция майоры Ермек Серікұлы арнайы дәріс оқыды. Дәріс барысында аға инспектор Ермек Серікұлы мынандай тақырыптарға тоқталды. Кәмілеттік жасқа толмағандардың кешкі сағат 22:00 кейін көшеде жүрмеуі, электронды темекі, ішімдік және бір-бірін балағаттауға жол берілмеуін. Сонымен қатар осы тоқталған мәселелер бойынша жасөспірімдерді және ата-аналарын қандай жаза күтіп тұрғанын да айқындап айтып, қатаң ескерту жасады