"Жыл оқушысы" республикалық байқауының облыстық кезеңін жоғары уәжді және дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесінің ажырамас бөлігі.
Байқаудың мақсаты оқушылардың білім деңгейін арттыру, оларды білімнің әртүрлі салаларында дербес ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмысқа тарту, тұлғалық қабілеттерінің жаңа деңгейін қалыптастыру боылп табылады.
Облыстық Байқаудың ұйымдастырушылары «Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы». "Жыл оқушысы" республикалық байқауының облыстық кезеңі 23 қараша күні өтті. Осы байқауға мектебіміздің атынан 7 сынып оқушысы Жұмағұл Ділназ қатысты.
Байқаудың 4 турына қатысып, қорытынды бойынша “6-7 сыныптар” жастық топтар арасында оқушымыз жүлделі ІІ орынға ие болды. Ділназды жүлделі орынмен құттықтаймыз! Ата-анасына және ұстаздарына алғыс білдіреміз!