Текст
16 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ мерекесіне орай мектебімізде 10 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың 13 желтоқсан күні “ХХІ ғасыр көшбасшысы”атты зияткерлік сайыс өтті.
Зияткерлік сайыстың мақсаты — оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы білімдерін ұштау.
Үш кезең бойынша өткен зияткерлік сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған оқушылар білімдерін ортаға салды.