19.12.2019 тарих апталығына орай «Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күрес» тақырыбы бойынша 6-8 сыныптар аралығында реферат байқауы өтті.
Тақырыбы: Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі.
Мақсаты: Жоңғар империясының тарихымен таныстыру, қазақ жеріне шапқыншылығы мен оның ауыр зардаптарын көрсетіп, басқыншыларға қарсы халықтар күресі туралы түсінік беру.
Міндеті:
Білімділік: Жоңғарлардың басқыншылық соғыстарына назар аударып, қазақ халқының өз тәуелсіздігін, дербестігін сақтап қалу жолындағы күресінің тарихи маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық жұмысының нәтижесін көрсете отырып, ғылыми еңбектерді оқуға, ізденіске дағдыландыру, өз бетінше жұмыс жүргізе отырып, ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты білімді болуға, жергілікті тұлғаларды тануға, өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.