Текст
Ашық сабақ
Қазақ тілі пәні, 5 "Ә" сынып
Тақырыбы: Жол қозғалысына қатысушылар
Мақсаты: жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу. Сабақ басында оқушылар сергіту сәтін орындап, үй тапсырмасын сұрау, "фри" әдісі арқылы жүзеге асты. Сабақ барысында "Google қағазы", "фри", "сэндвич", "бағдаршам" әдістері және СТО, АКТ технологиялары қолданылды. Сабаққа оқушылар өте белсенді атсалысты.
Пән мұғалімі: Канафина Жанерке Сейденқызы