Текст
Математика – ғылымдардың іргетасы. Математикасыз физика, химия, тіптен биология салаларын елестету мүмкін емес. Математиканы кез келген ғылым саласына енгізсеңіз, оған жан бітіп, бойына қан жүгіреді. Ол бізді қоршаған ортаны танып – білуге, заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.Осы орайда оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында 7-сынып оқушыларымен "Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану" тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Инкар Хуатқызы ашық сабақ өткізді.