Текст
6-сынып
Пән мұғалімі: Саяхат Абдулла
Шынығу – бұл адам ағзасының қоршаған орта жағдайларына төзімділігін, сондай-ақ оның қуаты мен жұмыс қабілетін арттыруға арналған шаралар жиынтығы. Шынығу – бұл ағзаны қорғау және бейімдеу үшін табиғи жағдайларды пайдалану. Мысалы ағзаның суыққа төзімділігін арттыру кезінде алғашқыда терідегі қан-тамырлар тарылып, тері бозарады. Мұнымен қатар жүрек қағысы жиілеп, адам қалтырайды жаурайды. Шынықтыру шараларын үнемі орындау арқылы ағзаны шынықтыруға болады. Шынықтыру кезінде ағзаның қорғаныс күштері нығаяды. Шыныққан адам жоғарғы өмірлік күйін иеленеді, ауруға шалдықпайды, кез-келген жағдайда сабырлық сақтауға қабілетті, рух сергектігі жоғары.