Текст
7 мамыр - Отан қорғаушылар күнінің қарсаңында Шортанды ауданының Мәдениет үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, білім бөлімнің басшысы Ахметова Шолпан Хасеновна ер азаматтарды мерекемен құттықтап, білім беру жүйесіндегі адал еңбегі, кәсіби қызметте қол жеткізген нәтижелері үшін білім қызметкерлерін марапаттады. Соның ішінде біздің мектебіміздің ұстазы бастауыш сынып мұғалімі Сәрсенбі Иман облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.Әріптесімізді марапатымен құттықтаймыз!