Текст
Бүгін мектебімізде 4 - сынып оқушыларының "Бастауышым бал бұлағым" атты сынып сағаты болып өтті. Сынып жетекшісі: Майгүл Бергенбайқызы. Бүлдіршіндеріміз өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы есейгелі отыр. Білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өнерлерін көрсетті. Жолдарың әрдайым ашық болсын! Сендердің жетістіктеріңе әрдайым қуанамын.
Әрбіріңді ерекше тең көремін,
Тең көремін, қолдаймын, дем беремін.
Ұстаз деген шәкірттің анасы ғой,
Өз баламдай көргенді жөн көремін.