“Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 21.06.2023 күні сағат 11:00 де 11-сыныпты аяқтаушы оқушыларға арнап аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Мектеп директоры Молдабаева Арнагуль Искеновна оқушыларға аттестаттарың қолдарына тапсырып, оқушыларды құттықтады. Және де кешке шақырылған қонақтарымыз Жолымбет кентінің әкімі Ауезханов Еркін Үсембайұлы, “Алтын алмас” акционерлік қоғамының өкілі Бибигуль Сабитовна, мектеп демеушісі Ғалиябану Есенқызы мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды. Келген қонақтарымыз бен ата-аналар қауымына көп рахметімізді айтамыз. Тәуелсіз елдің байрағын биік ұстар ұрпақтар аман болсын!