Текст
«Балақай мектебі» өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін 05.07.2023ж сабағымызды таңғы жаттығудан бастадық. Оқушыларға көптеген қызықты тапсырмалар берілді, «бір санын,қосу және азайту белгілерін» әдемі жазу, сандар тізбегін жалғастыру, буындап оқу, суреттердің атауын тауып буынға бөлу, дауысты дыбыстармен танысу, берілген суретті таза бояу. Балалар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Әр тапсырманы қатесіз орындауға тырысты. Сондай-ақ балалар ән айтып, ертегі кейіпкерлеріне мінездеме берді.