«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Жақсы істің жемісті болуы оның жүйелі жүзеге асырылуымен “Мектепке жол” қайырымдылық акциясының аясында «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биыл да көптеген қамқорлық шараларын көрсетсек деген мақсатпен акциясының бастауы жасалынды. КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗАМЫН ДЕГЕН ЖАНАШЫР ЖАНДАРДЫ КҮТЕДІ. Мектебіміздің байланыс телефонына хабарласа аласыздар! 8716-31 -27-5-85
8 (778) 556-45-41