Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың « Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады» - деген сөздері мемлекетіміздегі барлық білім алушылардың білім алудағы материалдық техникалық базасын теңестіріп, шағын жинақталған мектептерге де оқушылар үшін жайлы жағдай жасалатынына сенім артып, ұжым болып қуандық.
«Мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету аса маңызды. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру қажет деп санаймын. Мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеген жөн» деген сөздерде мектеп формасының қолжетімді болуы отандық өндірісті дамыту арқылы шешімін табатыны біз үшін де, ата аналар үшін де көңіл қуантар үлкен мәселе болды.
«Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет.», - мұғалім мәртебесінің біршама арттырған еліміз үшін алғысымызды білдіре отырып алдағы уақытта болатын жағымды өзгерістерге дайын екенімізді сезініп отырмыз. Өзгеріс елімізді өркендеу мен жаһандануға әкеледі.
Қазіргі таңда білім саласының дамуы үшін ата – аналардың жауапкершілігін арттыруды ескере отырып «Ата-аналар мен оқушылар алған білімінің және игерген машық-дағдысының сапалы және сұранысқа ие болуы үшін белгілі бір деңгейде жауапты екенін сезінуге тиіс. Сондықтан, олармен де үнемі әріптестік қатынас орната білу керек. Осы мақсатта жеке білім беру ваучерлерін енгізу жоспарланып отыр.» - деген мемлекет басшысының сөзін еліміздегі барлық мұғалімдердің сөзсіз құптары анық. Қазақта «Тәрбие тал бесіктен» десе, отбасылық құндылықтар мен ғылымды, білімді игеру арасында мықты көпір орнаса ұрпағымыздың болашағы жарқын болары сөзсіз.
Әділетті Қазақстанды құру ісі енді басталса, таңдаған жолымыздан айнымай, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!