Текст
Міне, жайдары жаз маусымын алмастырған алтын күздің алғашқы күні еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар ұйымдастырылды. Әнұран қалықтап, көк туымыз көкте желбіреген салтанатты шараға Жолымбет кентінің әкімі Еркін Ауезханов, Шортанды ауданы білім бөлімінің әдіскері Айнагүл Хапурова, облыстық депутат Нурлан Ерланович қатысты. Шара барысында Жолымбет кентінің әкімі Е.Ауезханов мектепке жаңа қадам басқан кішкентай шәкірттерге сәттілік тілей отырып, барша ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтады. Мереке мерекеге ұлассын!!!