Текст
Бүгін мемлекет қайраткері, қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Мектебімізде 10-11 сыныптың оқушыларымен «Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынов» атты зияткерлік шоуы өтті. Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен толықтай танысып, өзара пікір алмасып, ұялы телефоннан wordwall.net сайты арқылы онлайн тест сұрақтарына жауап беріп, лидер оқушыны анықтады. Жоғары ұпай жинаған оқушылар онкүндіктің жабылуында марапатталады.