Текст
Бүгін мектебімізде оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру, оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу мақсатында 7-8-9 сынып оқушылары арасында «Өнер алды - қызыл тіл» өлеңді мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа үш тілде өлең жаттаған оқушылар қатысты. Сайыс ІІ бөлімнен тұрды. І бөлім. «Туған тілім - қазынам». Ақындардың тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту. ІІ бөлім. Мақалды жалғастыру. Байқау нәтижесі бойынша, оқушылар жұма күні марапатталады.