«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЖОЛЫМБЕТ КЕНТІНІҢ   №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ПОСЕЛКА ЖОЛЫМБЕТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

13.09.2023

8-қыркүйек күні Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінде Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1-қыркүйекте Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауы талқыланды. Жиынға мектебіміздің барлық мұғалімдері қатысып, көтерілген мәселелер төңірегінде ой өрбітті. Мектеп директоры, Молдобаева Арнагуль Искеновна сөз бастап, президенттің әрбір Жолдауында көтерілетін мәселелер негізінен әділетті Қазақстан құрып, дамыған мемлекетті қалыптастыруды мақсат етіп жататындығын айтып, барлық мұғалімдер өз пікірлерімен бөлісті. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты аталмыш Жолдауы білім, ғылым, денсаулық, экономика, инвестиция, қорғаныс саласы секілді көптеген тақырыптарды қамтып, алдағы даму жоспарлары мен мақсаттарын айқындап бергендей болды. Жолдауда айтылған өзге де бірқатар мәселелер, атап айтар болсақ, «Жайлы мектеп» жобасы, бала құқықтары, денсаулық мәселесіне қатысты бөлімдерін түсіндіріп, кезек-кезегімен айтып жатты. Жалпы мұғалімдермен өткен аталмыш талқылау жоғары деңгейде өтіп, көпшілігіне ой салды. Президенттің әрбір мақсат-мұраттарын қолдап, бірлесе еңбек ету керек деген тоқтамға келді.

Просмотров: 387


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Komek insta

Текст