Текст
Бүгін 6 "А" сыныбында «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ, БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ, ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: жас ұрпақ бойына әдептілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді сіңіре білу, жылулық пен мейірімділік сыйлау, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.