2023 жылдың 21 қыркүйегінде «Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің жалпы мектепішілік «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-Отбасы» атты ата-аналар жиналысы өтті. Ата - аналардың жалпы мектепішілік жиналысы - әрбір отбасы үшін маңызды шара. Сондықтан, бұл шараға мән берген абзал. Бұл күні барлық ата-аналар жаппай мектепке келіп балаларының сынып жетекшілерімен мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болады. Бұл мектеп үшін де маңызды. Ата-аналармен байланысты арттыру, бала тәрбиесіндегі, біліміндегі мәселелерді ортақтаса шешудің таптырмас жолы.
Күн тәртібінде:
1.Ата-аналармен арнайы тренинг «Сұрақ-жауап»
Психолог: Кучуков А.С
2.Жаңа оқу жылының басталуы. 2023-2024 оқу жылынының
мақсат, міндеттерімен таныстыру, өткен оқу жылына қорытынды жасау
Мектеп директоры: А.И.Молдобоева
3. Білім жүйесіндегі жаңа өзгерістер Оқу ісінің меңгерушісі: А.Шайзан
4. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
Тәрбие ісінің орынбасары: Е.Амет
5. Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру
Әлеуметтік педагог: І.Хуат
6. Қосымша сұрақтар.