«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет  кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 2 поселка Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МҰҒАЛІМДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА

07.10.2023

5 қазан күні «Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің салтанат залында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға мектебіміздің ұлағатты ұстаздары мен оқушылары қатысты.Мектебіміздің директоры Молдобаева Арнагуль Искеновна ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап,әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға «Айрықша еңбегі үшін» алғыс хаттар мен грамоталар табыстады.

«Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, білімі мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаздар біздің оқу ордамызда да жеткілікті.Өз істерінің жоғары деңгейдегі мамандары атанған осы бір құрметті жандардың тынымсыз еңбектерінің арқасында жоғары оқу орнынан мыңдаған шәкірттеріміз заман сұранысына сай білікті маман болып  шығуда.Білім мен ғылымға арнаған істеріңіз абыройлы болып, құрметтеріңіз әрдайым арта берсін!

Просмотров: 181


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Komek insta

Текст