Текст
Бүгін Шортанды №3 ЖОББМ-де «Менің шағын Отаным» атты жас тарихшылардың республикалық интеллектуалдық байқауының бірінші (аудандық/қалалық) кезеңі өтті.
Конкурстың негізгі мақсаттары:
- туған өлке тарихына қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау;
- туған өлке тарихын зерттеуге қызығушылықты ояту;
- тарихи өлкетану бойынша зерттеу идеялары мен бастамаларын анықтау және ынталандыру;
- зерттеу негізінде өзінің шағын Отанына, қаласына, еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Біздің 10-сынып оқушысы Естай Гүлнұр "Менің туған өлкем" номинациясы бойынша 3 орын иеленді.