16 Қазан дүниежүзілік Нан күні аясында «Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Ас атасы-нан» тақырыбында тәрбие сабақтары өткізілді.Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға нанды қалай қадірлеу керек екендігін ұғындыру, күз байлығы туралы түсінік беру. Табиғатты сүюге, еңбекті, еңбек адамын қадірлеуге тәрбиелеу.
Бұл мереке 2006 жылы Халықаралық наубайшылар мен кондитерлер одағының бастамасымен құрылды. Сіздерді Халықаралық нан күнімен құттықтаймыз! Қазақ нанды қатты қадірлеген. Халқымызда «Ас атасы — нан», «Құранды басып, нанды ал» деп керемет нақыл сөздер бар.
Нан — әлемде көпшілік тұтынатын тағамдардың бірі. Адамдар күн сайын ертемен нанмен қуаттанып, тіршілігін бастайды. Дастарханның берекесі келтіретін нан үшін тер төгіп, оны өндіруге үлес қосып жүрген баршаңызға айтулы күн құтты болсын дегіміз келеді!