Текст
19 қазан күні «Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де инспектор Самбетов Жаслан «Балалардың жолда жүру ережесі және оны сақтау» тақырыбында мектептің 7 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмысы барысында жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстырып, қауіпсіздік шаралары жайлы айтып өтті. Жол тәртібін сақтамау қауіпті жағдайдың туындауына алып келетіндігі және жол бойында арнайы белгілерге аса назар аудару қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, мектеп оқушылары сұрақтарын қойып, инспектор тарапынан кеңес алды.