«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЖОЛЫМБЕТ КЕНТІНІҢ   №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ПОСЕЛКА ЖОЛЫМБЕТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үстел теннисі»

07.12.2023

Мектебімізде аптаның дүйсенбі және сәрсенбі күндері “Үстел теннисі” үйірмесі жұмыс істейді. “Үстел теннисі” үйірмесінің негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, үстел теннисі сынды қарапайым әрі денсаулыққа аса пайдалы спорт түрін кеңінен тарату. Себебі бұл спорт түрінің пайдасы шаш етектен. Оларға бөлек тоқталсақ:

1. Үстел теннисін ойнау қол-көз координациясын жақсартады, ақыл-ойды сергітеді, концентрация мен тактикалық стратегияны дамытады.

2. Ойлау шапшаңдығын арттырады. Үстел теннисін «high-speed chess» – «аса шапшаң шахмат»  деп бекерден бекер атамаса керек. Бұл спортта допты неғұрлым қатты жылдамдықпен соғу, айналдыра шиіру, үстелге дәл түсіру және қарсыластың соққысына шапшаң бейімделіп, шебер қайтара білу  төтенше маңызды. Бұның бәрі тез ойлау мен тез шешім қабылдауды қажет етеді. 

3. Рефлекстерді дамытады, яғни дене қозғалысы шапшаңдығын арттырады.  Себебі ойынның сипаты шапшаң ырғақты, қысқа қашықтықты болғандықтан ірі әрі ұсақ бұлшық еттердің қозғалысы жақсарады.

4. Буындарға аса пайдалы.

5. Мидың саулығын сақтайды.

Просмотров: 157


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Komek insta

Текст